UHSEP ТОО 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асырып келеді. Компания еңбек қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және операциялық басқару жүйелері саласында, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау, талдау және басқару бағытында көпжылдық тәжірибесі бар сарапшылар командасымен құрылды.
Біздің басты мақсатымыз — технологиялық процестердің қауіпсіздігі, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларға ден қою және дағдарысты басқару салаларында үздік халықаралық салалық тәжірибелерді енгізу арқылы клиенттерімізге бизнестің орнықтылығы мен тұтастығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету.
Біздің құзыреттеріміз жобалар өмірлік циклі бойындағы тәуекелдерді басқару бойынша тиімді шешімдер қабылдауда клиенттерімізге бәсекеге қабілетті артықшылықтар береді.
Тәжірибе
8
жыл тәжірибесі
кәсіби сарапшы
іске асырылған жоба
50
+
+
250
Қызметтер
Қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес беру
Өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық, тренингтер және коммуникациялар
Тәуекелдерді басқару, қаржылық және техникалық тәуекелдерді бағалау (сақтандыру стратегиялары)
Өндірістік қауіпсіздік бойынша IT-қолдау
Тұрақты даму бағдарламаларын диагностикалау және сүйемелдеу
Климаттық стратегияны әзірлеу мен енгізуге және климаттық тәуекелдерді басқаруға қолдау көрсету
Жылыжай газдарын басқару және климаттық жобалар
Қаржылық емес есептілік (GRI, IFRS, TCFD) және рейтингтеу
Нысандағы ЕҚ, ӨҚ және ҚТ (ОТОСБ) бойынша бақылау, мердігерлерді басқару және тренингтер өткізу
Теңіз операцияларын жобалау және сүйемелдеу
Сақтандыру нарығында беделі бар тәжірибелі сарапшылар тобы
Күрделі техникалық шығындарды реттеу бойынша дараланған шешімдер
Энергетика, тау-кен өндіру, металлургия және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының мүліктік және құрылыс-монтаждық күрделі техникалық шығындарын жергілікті және халықаралық сақтандырушылармен бірлесіп табысты реттеу тәжірибесі